Malim.kz
Экология

Қазақстанға циклон жақындап келеді

Арман Қайыпхан
Фото: unsplash

Алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы синоптиктер ұсынған болжамда айтылады.

"Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ықпалы мен атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болып, жел екпін алады. Еліміздің батысына, солтүстік-батысына және оңтүстік-батысына антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде тұман болады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары