Қарағандылық мектеп мұғалімі әлеуметтік желіде Қазақстанға қатысты теріс тілек жазғаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп Malim.kz тілшісі, Tugyr.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Информатика пәнінің мұғалімі Threads желісіндегі парақшасында мектептердегі хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдіріп, елдің экономикасына ауыр зардап келуін тілеген.
"Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә Алла күйретші! Әмин", – деп жазған ол.
Мұғалімнің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып, қызу талқыға түсті.
Кейін ұстаз өзінің айтқан сөзінің қате болғанын мойындап, көпшілік алдында бейнежазба арқылы кешірім сұрады. Кешірім видеосы қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыповтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.