2025 жылғы 23 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша:
Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте күндіз бұршақ күтіледі. Елдің басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жел күшейіп, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Күндіз аптап ыстық болатын өңірлер:
Маңғыстау облысы – +38…+40°C;
Батыс Қазақстан облысы – +35…+36°C;
Атырау облысы – +35…+39°C;
Жетісу облысы – +35…+37°C;
Алматы облысы – +35…+39°C;
Жамбыл облысы – +35…+39°C;
Түркістан облысы – +40…+42°C;
Қызылорда облысы – +40…+42°C;
Ұлытау облысы – +35…+38°C;
Қостанай облысының оңтүстігі – +35°C;
Ақтөбе облысы – +35°C.
Өте қатты ыстық болжанып отырған өңірлер:
Алматы облысының батысы мен солтүстігі – +42°C дейін;
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы – +40°C дейін.
Фото: pixabay