26 шілдеде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту күшінде болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, екпінді жел, аптап ыстық және өрт қаупі жоғары болатынын ескертті.
Негізгі болжам:
Солтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпіні 15–20 м/с жел күтіледі.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.
Батыс Қазақстанда шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында қатты жел мен аптап ыстық сақталады.
Түркістан облысында ауа температурасы 40–41°С, Оралда 40°С, Алматы, Ақмола және Ұлытау облыстарында 35–38°С ыстық күтіледі.
Бірқатар өңірде, әсіресе Түркістан, Алматы, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.