Malim.kz
Экология

Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

31 шілдеде Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту күшіне енеді. «Қазгидромет» синоптиктері аптап ыстық, найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл мен нөсер жауын болатынын болжады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең жоғары температура Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркелмек. Бұл өңірлерде ауа температурасы +40…+44 градусқа дейін көтеріледі. Ал Ақмола, Жетісу, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе және өзге де облыстарда +39 градусқа дейін ыстық болады.

Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, нөсер жауын жауып, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні кей өңірлерде секундына 23–28 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Атырау және Түркістан облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сондықтан тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары