Malim.kz
Қоғам

Қазақстанның 6 азаматы Ираннан эвакуацияланды

Арман Қайыпхан

Қазақстанның алты азаматы Ираннан Әзербайжанның «Астара» шекара бекеті арқылы эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz report.az сайтына сілтеме жасап.

Оларға қажетті көмек, соның ішінде медициналық қызмет пен тамақтану ұйымдастырылған. Эвакуация процесі жалғасып жатыр. Бұл шара Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты жүзеге асырылып отыр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарды сақ болуға және елшіліктермен байланыста болуға шақырды.

Фото: report.az

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары