24 қаңтар күні Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады Malim.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа сапасының нашарлауы Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал және Ақтөбе қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді құбылыстар. Оған желсіз немесе әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейі желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасына тікелей байланысты.