Синоптиктер елдің 16 облысының тұрғындарына ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескертті. Республиканың кей өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, жауын-шашын болады, ал кей жерлерде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 03 желтоқсанда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 03, тәулік бойы 04 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 03-04 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Астанада тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Тұман. Қостанай қ.: 03 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.