Malim.kz
Әлем

Қазақстанның "Евровидениеге" қатысуына жол ашылмады

Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) Қазақстанның «Хабар» агенттігін ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қабылдау туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл шешім еліміздің «Евровидение» ән байқауына қатысу мүмкіндігін әзірге шектейді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ztb мәліметінше, ұйым мұны қолданыстағы талаптармен түсіндірген. Қазақстан EBU-дың хабар тарату аймағына кірмейді, сондай-ақ Еуропа кеңесінің мүшесі немесе бақылаушысы емес.

Соңғы жылдары одақ ережелерінде кейбір ерекшеліктер қарастырылған. Мәселен, Канада Еуропа кеңесіндегі мәртебесінің арқасында 2027 жылы байқауға алғаш рет қатысу мүмкіндігіне ие болды. Алайда Қазақстанға бұл талап сәйкес келмейді.

"Осы себепті “Хабар” агенттігі қазіргі уақытта толыққанды мүшелікке ие бола алмайды", – делінген ақпаратта.

Сонымен бірге EBU Қазақстанмен ынтымақтастықты тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ. Тараптарды бірнеше жылдық бірлескен жұмыс байланыстырады. Қазақстан 2018–2022 жылдары "Балалар Евровидениесіне" тұрақты қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары