Malim.kz
Қоғам

Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

«Қазгидромет» 5–7 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады: Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Алматы мен Шымкентте күн ыстық болады.

Астанада 5–7 шілде аралығында құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. 5 және 6 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+19°C, күндіз +26…+32°C аралығында болады.

Алматыда 5 шілдеге қараған түні жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ал 6–7 шілдеде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +30…+33°C-қа дейін көтеріледі.

Шымкентте алдағы үш күн бойы жауын-шашын болмайды. Құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады. Күндізгі ауа температурасы +33…+37°C-қа дейін жетеді, түнде +15…+22°C болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары