Malim.kz
Экология

Қазақстанның кей өңірінде бұршақ жаууы мүмкін

Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Осы аптада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер кей аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

15 қыркүйектен бастап солтүстік-батыс циклонының ықпалымен елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда да тұрақсыз ауа райы сақталады.

16 қыркүйектен бастап батыс циклоны Қазақстанның батысына әсер етеді. Бұл өңірлерде жауын-шашын түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Ал 17 қыркүйекте батыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.

Елдің қалған бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы негізінен ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар температура біртіндеп көтеріледі.

Күндіз солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы +20…+27 градусқа дейін жылынады. Батыста +19…+30, шығыста +18…+25, ал оңтүстік-шығыста +22…+28 градус шамасында болады.

Дегенмен алдағы күндері батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанып отыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары