Malim.kz
Экология

Қазақстанның кейбір өңірінде -6°С-қа дейін үсік болады

Арман Қайыпхан

"Қазгидромет" мамандары 2025 жылғы 9 қазан, бейсенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжам бойынша, жоғары қысым өрісінің әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек еліміздің солтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен қатар жүреді. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз хабарламасында.

Фото: unslah

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары