Malim.kz
Қоғам

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

• Мадияр Қапанбек
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: asbe/iStock/Getty Images Plus

Жамбыл облысының аумағында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 8 қараша күні Астана уақытымен сағат 20:38-де болған.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Оның географиялық координаттары – солтүстік ендіктің 44,51 градусы және шығыс бойлықтың 74,44 градусы.

Мамандардың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 3,73-ті, ал энергетикалық класы 8,55-ті құраған.

Сейсмикалық оқиғаның ошағы жер бетінен 11 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге жер сілкінісінен зардап шеккендер немесе қандай да бір ғимараттардың бүлінгені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары