Malim.kz
Қоғам

Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді?

Malim Админ

5-7 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жауын-шашын мен найзағайға дайын болыңдар дейді.

Қазгидромет мамандарының болжамы бойынша, алдағы үш күнде солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

- 7 қыркүйекте шығыс пен оңтүстік шығыс өңірлердің таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар жауады. Ауа райы бұл күндері батыста ғана жауын-шашынсыз болмақ, - деп ескертті синоптиктер.  

Жалпы республика аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік пен батыста тұман түседі, 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Фото: novostipmr.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары