Malim.kz
Қоғам

«Қазақтың Робин Гуды» атанған блогер Ілияс Сариев сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood

Алматыда «Елге көмек» қорының басшысы, «қазақ Робин Гуд» атағымен танымал Ілияс Сариевке үкім шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы Алмалы аудандық соты блогер Ілияс Сариевті бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны орта қауіпсіздік колониясында үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Бастапқыда сот оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Амнистияны қолдану нәтижесінде жазасы қысқартып, соңғы мерзім – 3 жыл 8 ай болып белгіленді. 20 эпизод бойынша оны ақтаса, ал 6 эпизод бойынша кінәлі деп танылды.

Сотья Ернар Қасымбаевтың түсіндірмесі бойынша келесі шешім қабылдады:

«Амнистия шеңберінде сот 3 жыл 8 айдан артық жазаны тағайындай алмайды. Бұл – заңмен бекітілген ең жоғары мерзім, оны асыруға соттың құқығы жоқ. Сондықтан сот гуманизм принципіне сүйене отырып, жазаны тым жеңіл тағайындады деп ойлаудың қажеті жоқ», – деді сотья.

Екінші сотталушы Актоты Дүйсееваға қатысты сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер үшін қарастырылған жазады кейінге қалдыру шарасын қолданды.

Бастапқыда оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілген еді. Амнистияны ескере отырып, жазасы орта қауіпсіздік колониясында 3 жылға қысқартылды. Жазаның орындалуы 2028 жылға дейін кейінге қалдырылды – яғни оның баласы 14 жасқа толғанға дейін әйел пробациялық бақылауда болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары