Malim.kz
Қоғам

Қазгидромет жексенбіге ауа райы болжамын жариялады

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елдің басым бөлігінде көктайғақ, тұман, қар, боран, кей өңірлерде жаңбыр мен қатты жел күтіледі. Желдің жылдамдығы бірқатар аймақта 15–28 м/с, кей жерлерде 30 м/с-тан асады.

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Орал, Семей, Қостанай, Петропавл, Тараз, Қызылорда қалаларында көктайғақ, тұман, қар мен боран болжанады. Таулы және солтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды жолда сақ болуға, алыс сапарларды шектеуге және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары