Malim.kz
Қоғам

«Қазпошта» АҚ кассирлері 84 миллион теңгені қолды қылған

Берік Дәулетов

Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген, - деп хабарлады ҚМА.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.  

Фото: интернеттен

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары