Malim.kz
Қоғам

ҚазТАГ бас редакторының пәтерінде тінту жүргізілді

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтың пәтерінде тінту жүргізілді. Бұл жайында адвокаттар Салимжан Мусин мен Юлия Малюкова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың айтуынша, тергеу әрекеттері шамамен 1 сағат бұрын басталған. Адвокаттар пәтерге кіргізілмеген, бұл қорғау құқығының бұзылуы екені атап өтілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының полиция қызметкерлері Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Журналистер үйіндегі ҚазТАГ кеңсесінде де тінту жүргізуді жоспарлап отыр, деп болжады адвокаттар.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары