Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал пітір садақа мөлшері 735 теңге. Ақпаратты бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жария етті.
“Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі”, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.