Тергеу нұсқасы бойынша, Өскемен тұрғыны таныс әйелді аңдыған, деп хабарлайды Malim.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
"Оны жұмыс орнында аңдып жүрген, қоғамдық орындарға барып, рұқсатынсыз ұялы телефонға түсірген және бейнежазбаларды әлеуметтік желілерге жариялап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікірлермен сүйемелдеген", – деп хабарлады прокуратура.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Прокуратура адам тікелей қарым-қатынас жасағысы келмейтінін білдірсе, кез келген мазалаушы әрекет немесе аңду қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.