Malim.kz
Қоғам

Қолма-қол және бөліп төленетін тауарларға бөлек баға белгілері енгізіледі

Арман Қайыпхан

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев түзетулерді бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған сәйкес, тауарларды бөліп төлеу және қолма-қол ақшаға сату кезінде дүкендер бөлек бағаларды көрсетуге міндетті.

«Ішкі сауда субъектісі тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы және біржолғы төлеммен сату кезінде бөлек бағаларды көрсетеді», – делінген бұйрық мәтінінде.

Бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары