Танымал продюсер Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты көпшілікке беймәлім жайттарды бөлісті. Ол Тек қана қыздар подкастына берген сұхбатында тұрмыс құрудағы таңдауы мен өмірлік ұстанымы туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Сұхбат барысында Мөлдір ауқатты, дәулетті отбасында өскеніне қарамастан, өмірлік серігін таңдауда байлыққа емес, шынайы сезімге мән бергенін айтты. Оның сөзінше, бала күнінен таршылық көрмей өскен: ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар мен жұмсақ диван да олардың шаңырағында болған.
"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Сол себепті өмірді бәрін нөлден бастадық", – деді продюсер.
Сонымен қатар ол ата-анасынан ерте айырылып, тағдырдың ауыр сынақтарынан өткенін де жасырмады.
Аталған сұхбат әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, түрлі пікір тудырды. Бірі Мөлдір Мұқанның ашықтығы мен жеке таңдауына қолдау білдірсе, енді бірі бұрынғы жұбайына қатысты айтқан ойларын орынсыз деп сынға алды. Осылайша, желіде қолдау мен сын қатар өрбіді.