Malim.kz
Қоғам

Қонаевта суға кеткен екі жастың мәйіті табылды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Қайғылы оқиға 1 шілде күні Қонаев қаласындағы «Джаса» демалыс аймағы маңында болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар жеткенге дейін демалушылар 2006 жылы туған қыздың денесін судан шығарып алған. Кейін Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жоғалған екінші адамды іздеуге кірісті.

2 шілде күні таңертең іздестіру жұмыстары барысында Қапшағай су қоймасының жағалауынан 2004 жылы туған жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көз жұмған қызбен бірге суға түскен.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары