Malim.kz
Қоғам

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,54 теңгеге түсіп, 471,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 471,77 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 468,00 теңгеден сатып алынады, 475,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 543,01 теңге, сату - 553,01 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

- юань: сатып алу - 67,64 теңге, сату - 73,05 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 470,88 теңгеден сатып алынады, 472,78 теңгеден сатылады. Еуро 546,68 – 551,51 теңге, ал рубль 6,41 – 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,80 теңгеден сатып алынады, 70,24 теңгеден сатылады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары