Malim.kz
Қоғам

Қордайда дәрігерді балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Жамбыл облысының Қордай ауданында дәрігерді балағаттаған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мәліметінше, оқиға Сортөбе ауылындағы ауруханада болған. Қабылдау кезінде ер адам дәрігердің ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, оны қорлаған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, дәрігер мен куәлардың айғақтарын негізге алды. Жәбірленуші құқық бұзушыға айыппұл емес, әкімшілік қамау жазасын тағайындауды сұраған.

Нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, бапта көзделген ең жоғары жаза – 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары