Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған сәби қоқыс контейнерінен табылды, деп хабарлайды Malim.kz, Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратты аудандық полиция растаған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп, сәбидің анасы мен жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Нәрестені дәрігерлер тексерген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу нәтижесінде белгілі болады.