Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі әскерде комаға түскен сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан

Әскери қызметшіге қатысты ақпарат осыған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді қызмет атқарды. Қорғаныс министрлігі бұл құрылымда әскери қызмет қауіпсіздігін бақыламайды", - деді қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев.

Ол Қорғаныс министрлігі өзінің емдеу мекемелерінде Ербаян Мұхтарға медициналық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары