Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған мерекелік шара барысында «Матушка Земля, святая Русь» әні қойылды, деп хабарлайды Malim.kz,
Kznews.kaz мәліметінше, оқу орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан колледж ауласына студенттер мен ұстаздардың жиналғанын, ал шара кезінде аталған әннің қосылғанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің назарын аударды. Әзірге колледж әкімшілігі аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме бергені туралы ақпарат жоқ.