Malim.kz
Қоғам

Қостанай облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Арман Қайыпхан

8 сәуір күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Меңдіқара ауданының Боровское ауылында «Меңдіқара-Антитеррор-2025» атты жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы ҚР антитеррористік орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 8 сәуірде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Меңдіқара аудандық терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен Боровское ауылы аумағында жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығу өтеді», – делінген ресми хабарламада.

Тұрғындардан сабыр сақтауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Фото: Gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары