Malim.kz
Қоғам

Қостанай облысында автобус жолда қалып, 28 адам эвакуацияланды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысында, Лисаковск қаласынан 11 шақырым қашықтықта республикалық маңызы бар «Қостанай — Қарабұтақ» автожолында жолда қалған рейстік автобус жолаушыларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шымкент — РФ» бағытымен қозғалған автобус техникалық ақауға байланысты жолын жалғастыра алмаған. Салонда 28 адам, оның ішінде екі бала болған.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен барлық жолаушы қауіпсіз түрде эвакуацияланып, жылыту пунктіне жеткізілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары