Malim.kz
Қоғам

Қостанай облысында тұрғын үйде өрт болып, бір адам күйік алды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Қостанай облысы Қостанай ауданына қарасты Шеминовское ауылында екі пәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде оттың екінші пәтерге таралуына жол берілмеді. Жоғары температураның әсерінен деформацияға ұшыраған газ баллоны қауіпті аумақтан шығарылды.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды өз бетінше сөндіруге тырысқан 1990 жылы туған әйел термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары