Malim.kz
Қоғам

Қостанай облысында жеке үй өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысында «Ауыл құтқарушылары» өрттің алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түнде Пресногорьковка ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына алғаш болып «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының өрт бекеті жетіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті.

Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары