Malim.kz
Қоғам

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта облыстық ҰҚК департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бөлімнің лауазымды тұлғалары мен өзге де азаматтар күдікке ілінген.

2026 жылғы 1 маусымда күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізіліп, бірқатар тергеу әрекеттері атқарылған.

Сол күні Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша ұсталды.

Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Еске сала кетейік, заңнамаға сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары