Қостанай облысында ер адам бұрынғы әйелін атып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Үкімді Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.
Сот анықтағандай, 2026 жылғы наурызда ер адам аңшылық карабиннен екі рет оқ атқан. Оқ әйелдің басы мен кеуде тұсына тиіп, ол оқиға орнында көз жұмған.
Қылмыстан кейін ер адам бой тасалаған. Кейін полицияға өзі келіп, болған жағдайды хабарлаған. Сотта кінәсін мойындады.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, олардың пайдасына моральдық зиян өтемақысын өндірді.
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Заңға сәйкес, мұндай мән-жайлар болған жағдайда адам өміріне қарсы аса ауыр қылмыс үшін жаза мерзімі ең жоғары жазаның төрттен төрт бөлігінен аспауы тиіс.