Malim.kz
Оқиға

Қостанайда қар құрсауынан 100-ден астам адам құтқарылды

Malim Админ

Қостанай облысында төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, –деп хабарлайды Malim.kz.

«Амангелді ауданында, Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде, «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ қызметкерлері көмекке келді. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ 8 жеңіл автокөлік қардан тазартылған жолға сүйреп шығарылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сарыкөл ауданында, Соналы ауылынан 5 шақырым жерде, «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ қызметкерлері қарға батып қалған 2 адам мінген жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне шығарды.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Фото: ТЖМ 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары