Malim.kz
Қоғам

Қостанайда ВИЧ-пен ауыратын ер адам өгей қызын зорлаған

Арман Қайыпхан

Оқиға Қостанай облысындағы аудандардың бірінде болған. Аталған фактіні облыстық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Malim.kz alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық соттың мәліметінше, іс жабық түрде қаралған. Алайда кейбір мәліметтер жария етілді.

Өгей әке 13 жастағы өгей қызын зорлаған. Оқиға қыздың анасы үйде жоқ кезде болған. Ер адамның ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Қыз бала дерттен аман қалды – қауіпті ауру жұқпаған, – делінген мәліметте. 

Қостанай облысының тұрғыны жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары