Malim.kz
Қоғам

Құлсары қаласында су басқан үйден 4 бала мен анасы құтқарылды

Malim Админ

Атырау облысы Құлсары қаласында су басқан үйден төрт бала анасымен бірге құтқарылды.

Qazaqstan ұлттық арнасының мәліметінше, сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау кезінде «Жаңа құрылыс» учаскесіндегі бір үйдің терезесінен айқайлап көмек сұраған дауыс шыққан. Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері үйге қайықпен барып, қиын жағдайда қалған келіншекті 4 баласымен құтқарып қалды. 

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: видеодан скрин

Malim Админ
Автордың басқа материалдары