Malim.kz
Қоғам

Құлсарыда су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр

Malim Админ

Жамбылдық құтқарушылар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 сәуірдегі мәліметінше, соңғы 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.

Су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйден су сору жұмыстарын жүргізді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды.

Фото: ТЖМ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары