Malim.kz
Қоғам

Құны 1,3 млрд теңгелік «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды

Айбын Атабай
Үкімет

Прокуратура құны 1,3 млрд теңгеге бағаланған «Қазақ энциклопедиясы» компаниясы мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, 2015 жылы компания жеке заңды тұлғаның меншігіне заңсыз жекешелендірілген. Әңгіме тек кәсіпорын туралы ғана емес, Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан, жер аумағы 2108,3 шаршы метр болатын ғимарат туралы да болып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, компания бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі ұйымның иелігінде болған.

Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылы Ұлттық музей директоры қызметін атқарып жүрген кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен 8 жылға сотталған болатын. Ал 2024 жылы аса ірі көлемде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, жаза мерзімі 11 жылға дейін ұзартылған. Бұрынғы министр өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары