Орал қаласындағы Қонаев шағын ауданында тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
КСК ғимаратындағы электр қалқан жанып кеткен. Өрт сөндірушілер жедел түрде отты ауыздықтап, жоғарғы қабаттардан 6 тұрғынды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Фото: pixabay