Мароккода қызық жағдай болды: отбасымен саяхаттап жүрген Париж тұрғыны 62 жастағы жұбайын жол бойында ұмытып кеткен, деп жазады Malim.kz.
Оқиға таңғы 08:30 шамасында жандармерияға түскен шұғыл қоңырау арқылы белгілі болған. Түнгі сапар кезінде ер адам отбасымен көлікпен жол жүріп келе жатқан. 22 жастағы қызы артқы орында ұйықтап отырған, ал кезекті аялдамадан соң әкесі әйелінің көлікке отырмағанын байқамай, жолын жалғастыра берген. Қызы да анасын көрмей қалғанын аңғармапты.
Біраз уақыт өткеннен кейін ғана ер адам жұбайының жоқ екенін түсініп, құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласқан. Бірақ сапар барысында бірнеше рет тоқтағандықтан, әйелін нақты қай жерде қалдырып кеткенін айта алмаған.
Жандармерия оның телефон сигналын пайдаланып, әйелдің Дё-Севр департаментінде қалғанын анықтады. Бұл жер күйеуі хабарласқан нүктеден 300 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қызметкерлер әйелдің жағдайы жақсы екенін хабарлап, ер адамға кері қайтып, жұбайын алып кетуді тапсырды.