Malim.kz
Әлем

Қылмыскер ақыры мойындады: Ресейдегі қанды қырғын туралы тың дерек жарияланды

Қайсар Қанат
Asia Plus

Одинцово ауданындағы мектепке жасалған шабуылға байланысты ұсталған жасөспірім қылмысын мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.

News.ru басылымының мәліметінше, Горки-2 елді мекеніндегі мектепке шабуыл ісі бойынша ұсталған 15 жастағы жасөспірім тергеу барысында кінәсін толық мойындаған.

"Ұсталған 15 жастағы жасөспірім тергеу кезінде тергеушіге қылмысты қалай дайындағанын және оны мектеп қабырғасында қалай жүзеге асырғанын кезең-кезеңімен айтып беріп, өз кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді, куәлардан жауап алу жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", –делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Алайда ведомство тергеу барысындағы нақты егжей-тегжейлі мәліметтерді жариялаған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал жасөспірімге қандай жаза қолданылатыны кейінірек белгілі болмақ.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары