Malim.kz
Әлем

Қылмыстағы инновация. Португалдар есірткі тиеген сүңгуір қайықты ұстады

Ереке Базарқұл
©reopen.media

Протугал полициясы Ұлыбритания және АҚШ-тың көмегімен Атлант мұхитында есірткі тиеген сүңгуір қайықты ұстады. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Сүңгуір қайықта 1 740 килә кокаин болыпты. Ресми мәлімдемелерден белгілі болғанындай, сүңгуір қайық Пиреней түбегін бағытқа алып кетіп бара жатқан.

- Біз, экипажы есірткіні жүрдек катерге тиеп жатқан сүңгуір қайықты ұстадық. Қайықты ұстауға әскери-теңіз күштері ат салысты. Оңтүстік Америка елдерінің 4 азаматы ұсталды, -

дейді есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша ұлттық бөлімшенің басшысы Витор Ананиас.

Азаматтардың екеуі Эквадордан, біреуі Венесуэладан және біреуі Колумбиядан екені туралы хабар тарады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары