Мұндай тапсырамны Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне президент Садыр Жапаров берген. «Азық-түлік керуенінде» қазақстандықтарға арналған сұйық май, қант, күріш, макарон мен кондитерлік өнімдері және Қырғызстанда жасалған матрацтар мен палаткалар бар. Гуманитарлық көмектің құны – 40 миллион қырғыз сомы. Сыртына «Қырғыз елінен бауырлас қазақ еліне жәрдем» деп жазылған жүк тиеген ондаған көлік Қырғызстаннан 6-күні таңғы 4:00 де аттанған.
Фото: Қырғызстан ТЖМ