Malim.kz
Әлем

Қырғызстан Ресейдегі еңбек мигранттарының құқығы бұзылуына байланысты ЕАЭО сотына шағымданды

Айбын Атабай
Кабар

Бұл туралы Қырғызстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Мұқанов Жогорку Кенештің Еңбек, денсаулық сақтау, әйелдер істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» заңға түзетулерді талқылау кезінде мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform жазды. 

 Депутат Гүлнара Баатырова ЕАЭО аясында еңбек мигранттарының медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейту қажеттілігіне назар аударды.

Азамат Мұқанов бұл салада жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

- Қырғыз тарапы Еуразиялық экономикалық одақ сотына шағымданды. Өткен аптада отырыс өтті, шешім екі аптадан кейін қабылданады. Ресей тарапы ЕАЭО аясында еңбек мигранттарына қатысты келісімнің медициналық сақтандыру полистерін беруге қатысты 96 және 97-баптарын орындамай отыр. Міндетті медициналық сақтандыру еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне де қолданылуы керек. Бұл мәселе қараша айында Ресей вице-премьер-министрі Алексей Оверчуктің Қырғызстанға сапары кезінде де көтерілді, - деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары