Malim.kz
Әлем

Қырғызстанда Камчыбек Ташиевке мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды

Сабина Асқарқызы
president.kg

Қырғызстанда бірқатар бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Камчыбек Ташиев, бұрынғы депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу (Нурланбек Шакиев) ресми түрде айыпталушылар қатарына енгізілді.

Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров хабарлады. Оның сөзінше, аталған тұлғаларға осы іс бойынша бұған дейін басқа күдіктілерге тағылған баптар негізінде айыптар тағылған.

Іс жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және тергеу тарапынан мемлекеттік төңкеріс әрекеті ретінде қарастырылып отырған ауыр қылмыстарға қатысты болып отыр.

Күштік құрылымдардағы дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап берген, кейін ғимараттан шыққан.

Айыптардың нақты мазмұны мен тергеу барысы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер бұл істің «75-тің хаты» деп аталатын құжатпен байланысты екенін айтады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары