Malim.kz
Әлем

Қырғызстанда көл тасып, 160 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Malim Админ

ТЖМ мәліметі бойынша, Ыстықкөл облысы Тон ауданындағы Зындан көлі арнасынан асқан. Табиғи апатқа толассыз жауған жауын-шашын себеп болған.


Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, халықтың қауіпсіздігі үшін жергілікті билік органдары Туура-Суу ауылынан 90 адамды және балық зауыты жанындағы 70 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Олар жақын маңдағы елдімекендерге қоныстанған. Қазір оқиға орнында құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.

Фото: happylove.top

Malim Админ
Автордың басқа материалдары