Malim.kz
Әлем

Қырғызстанда тағы бір саяси сілкініс: Парламент спикері қызметінен кетті

Мадияр Қапанбек
kabar.kg

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің спикері Нұрланбек Тұрғұнбекұлы өз қызметінен кететінін хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Kaktus.media дерегінше, ол елде тұрақтылықты сақтау және саяси реформалардың толық жүзеге асуына жағдай жасау қажеттігін атап өткен. Осы мақсатта қызметін босатуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Саяси ортада бұл шешім Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің қызметінен кетуімен байланыстырыла бастады. Комитетті бес жыл басқарған Тәшиевтің үш орынбасары да лауазымдарын босатқан. Бұл өзгерістердің барлығы Тәшиев Германияда ем қабылдап жатқан кезеңде болған.

Кейін экс-төраға елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтау үшін Президент шешімін орындайтынын мәлімдеді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары