Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Шаирбек Ташиев ұсталды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, ұстау «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің бөлігі аясында жүзеге асырылды. Бұған Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің материалдары мен аудиттік тексеру негіз болған.
Ұсталған адам ІІМБ Бішкек қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
14 наурызда Шаирбек Ташиев депутаттық мандатынан өз еркімен бас тартты. Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Еске сала кетсек, 10 ақпанда Қырғызстанның ҰҚМК басшылық құрамында ауыс-түйіс болды. Қамшыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінен босатылды.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы ауыстырылғаннан кейін төрағаның үш орынбасары да қызметінен босатылды.
Қырғызстан президенті соңғы кадрлық шешімдер неден туындағанын түсіндірді.
Ол сондай-ақ ҰҚМК бұрынғы басшысымен арадағы келіспеушілік туралы түсінік берді.