2026 жылдың қыркүйек айында қазақстандықтарға қосымша мерекелік демалыс берілмейді. Себебі алғашқы күзгі айда мемлекеттік немесе ұлттық мереке жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.
Сондықтан демалыс күндерінің саны жұмыс аптасының кестесіне байланысты болады.
Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қыркүйекте барлығы 8 күн демалады. Демалыс күндері – 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 қыркүйек.
Ал алты күндік жұмыс аптасында 4 күн демалыс болады. Бұл жағдайда тек жексенбі күндері демалыс саналады.